Жеңіл өнеркәсіп: Қазақстанда 1400 кәсіпорын жұмыс істейді
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Жеңіл өнеркәсіп: Қазақстанда 1400 кәсіпорын жұмыс істейді

Жеңіл өнеркәсіп: Қазақстанда 1400 кәсіпорын жұмыс істейді

26.04.2024

Елімізде жеңіл өнеркәсіп 20-дан астам кіші саланы қамтиды, олар үш негізгі топқа біріктірілген: бұл тоқыма өнеркәсібі 55%, киім өндірісі 37%, былғары және ілеспе өнімдер өндірісі 8%, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеңiл өнеркәсiпте 2024 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша 1400 кәсiпорын жұмыс iстейдi, олардың негiзгi үлесiн тiгiн кәсiпорындары 58% (818), тоқыма бұйымдарын өндiретiн кәсiпорындар 33% (463), былғары және оған жататын өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар 9% (119) құрайды. Саланың 97% -ын (немесе 1362) шағын кәсіпорындар құрайды.

Тұтастай алғанда, саланың еліміздің экономикасына ықпалы экономиканың басқа салаларына қарағанда аз. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптегі жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 0,97%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52,7 млрд теңгені құрады.


Тоқыма саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы бекітілді (ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 38 өкімі).

Саланы дамыту мақсатында жеңiл өнеркәсiптiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiрудi, шикiзат базасы мен шикiзатты қайта өңдеудi дамытуды, мемлекеттiк қолдау шараларын, саланы кадрлық қамтамасыз етудi, жеңiл өнеркәсiп тауарларын таңбалау мен қадағалауды, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн отандық өндiрушiлердiң қуатын арттыруды, инвестицияларды тартуды, әлемдiк тәжiрибенi енгiзудi және экспортты дамыту жөнiндегi шараларды қамтитын 2022-2025 жылдарға арналған жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi жол картасы бекiтiлдi.

Жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 2 жыл мерзімге ұлттық режимнен алып тастау белгіленген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 99 қаулысы).


Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ арқылы түпкі қарыз алушылар үшін жылдық 3% -дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңіл өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бөлінді.


Саланы дамытуды қосымша ынталандыру үшін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне жеңіл өнеркәсіп салалары енгізілді.

Дереккөз: dknews.kz