«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ гидроэлектр станциясы үшін жабдық сатып алуды қаржыландырды. Жеткізуші ретінде бас шетелдік мердігерлік ұйымы танылды.
Тұрғысын өзеніндегі шағын гидроэлектр станциясы гидроэлектр станцияларын жобалау саласындағы ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне сәйкес келетін заманауи техникалық шешімдерді пайдалануды талап етеді. Жобаны іске асыру балама электр энергиясын өндіру үшін өңірлік түрлендіретін қуатты тудыруға және сырттан сатып алынатын көлемдерден асып түсуге, Шығыс Қазақстан облысындағы шамамен 79,8 млн кВт-сағ. тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 20 жаңа тұрақты жұмыс орнын құрады.
ГЭС-тің орташа жылдық электр энергиясын шығаруы шамамен 79,8 млн кВт-сағ. құрайды, бұл көміртек тотығын атмосфераға тастауды жылына 680 тоннаға төмендетеді.
«Жаңартылатын ресурстарды пайдалану — «жасыл экономиканың» негізі. Бұл ретте атап айтқанда ГЭС қазіргі уақытта осы сала бойынша ең жоғары қайтарымды және тиімділікті «ұсынуға» қабілетті. Гидроэлектр станцияларының құрылысы — бұл энергия алудың сынақтан өткен, қауіпсіз әрі тиімді тәсілі. Бұл ретте ГЭС-тердің міндетті түрде алыптар болуы тиіс емес. Шағын гидростанциялар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қолдаумен қатар, сенімді экономикалық дамуға арналған ресурстардың бірі болуға қабілетті».
«Жалпы алғанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны іске асыру «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңның, «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың» қабылдануына байланысты мүмкін болды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жеке инвесторлар балама энергия көздерін өндіру аясында борыштық қаржыландыруды тарту мүмкіндігіне ие болады.
«ӨДҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы «Тұрғысын өзенінде Тұрғұсын ГЭС құрылысы» жобасын қаржыландыруға қатысты.
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
«ӨДҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы «Тұрғысын өзенінде Тұрғұсын ГЭС құрылысы» жобасын қаржыландыруға қатысты.
16.08.2021