Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (ӨДҚ) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша жобаларды іске асыру, соның ішінде 10 млрд теңге сомасына жедел жәрдем автомобильдерін сатып алу мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еуразиялық конгресс аясында ынтымақтастық туралы келісімге ЕДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов пен ӨДҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева қол қойды.
Республикамыздағы медициналық көмек сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы мақсатында тараптар құжатқа сәйкес 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатуға ниетті.
«Инвестициялық қызметімізді жүзеге асыра отырып, біз ЕДБ қатысушысы болып табылатын елдердің экономикасының дамуына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының дамуына, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерінің сақталуына ерекше көңіл бөлеміз. Өнеркәсіпті дамыту қоры қаржылық лизингтің жетекші қаржылық операторы болып табылады және өз қызметі арқылы Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдеседі, кәсіпкерлік потенциалын дамытады, әсіресе әлеуметтік-экономикалық әсері бар жобаларды қаржыландырады. ЕДБ мұндай бастамаларды қолдап, Банктің қатысушысы болып табылатын елдерде денсаулық сақтау саласын дамытуға қажетті көмек көрсетуге дайын», — деп, атап өтті ЕДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.
«Аталған келісімнің аясында ӨДҚ мен ЕДБ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының өңірлерінде медициналық жедел жәрдем автомобильдерін сатып алуды қамтамасыз ету жоспарлануда», — деді ӨДҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.
ЕАДБ "ӨДҚ" АҚ-мен бірге ҚР денсаулық сақтау жүйесін жобаларды іске асыруды ниет етеді
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
ЕАДБ "ӨДҚ" АҚ-мен бірге ҚР денсаулық сақтау жүйесін жобаларды іске асыруды ниет етеді
02.12.2021